[공지] Газды судың зияны
  
 작성자 : admin
작성일 : 2020-12-28     조회 : 66  



 

Ауыр аяқ кезінде тәтті газдалған сусын ішкен анадан туған баланың тіл қабілеті немесе еске сақтау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады деген дәлел мен дәйектер жақында Батыс Еуропаның ғалымдарының зерттеуімен анықталды деп жазуда корей баспасөздері.

Американың Гарвард университетінің зерттеу институты 1999-2002 жыл аралығында жүкті болған әйелдердің 1000-ға жуығы мен олардан туған балаларға қатысты жүргізген зерттеуді жүзеге асырды. Зерттеу тобы зерттеуге қатысқан әйелдер жүкті кезінде қандай сусын ішкеніне байланысты зерттеу жасап, олардан туған балалағардың өсуі мен олардың алғашқы тілдік тәжірибелік қабілетіне және қабылдау қабілетіне сынақ жасайды.

Сол сынақтың нәтижесі бойынша ауыр аяқ болған әйелдердің ішінде ең көп тәтті газдалған сусынды ішкен әйелдер тобы күніне орта есеппен 50 грамнан асырып ішкен деп анықталды. Бұл Американың жүректі зерттеу орталығының зерттеуінің есептеген мөлшері 15  грамнан үш есе асып түскен. Осы аталмыш топтағы әйел затының көбі табиғи емес тамақ пен газдалған сусынды ішіп, сол сусын арқылы қантты көп қолданғанын айтты. Және бұлардан туған балалар табиғи тамақ пен жәй  таза суды ішкен аналардан туған балаларға қарағанда тіл қабілеті, есте сақтау қабілеті мен қабылдау қабілеті жаппай төмен деген көрсеткішті анық көрсетті. Зерттеу тобы әсіресе, қанттың қоспасы көп газды тәтті су ішкен аналардан туған, негізінен сол балаларға жүргізген зерттеу бойынша, олардың 3 жас кезінде оның тілдік қабілеті мен тілдік емес барлық қабілетіне кері әсерін тигізеді деп анықталды.

Осыған қарама-қайшылық ретінде ауыр аяқ кезінде табиғи тамақ пен табиғи жолмен өскен жеміс-жидекті жеген әйелден туған балалар, табиғи емес, зиянды тамақтарды ішкен анадан туған балаға қарағанда тілдік, есте сақтау, қабылдау, көру және тағы басқа қабілеті жоғары болған. Әсіресе, аталмыш балалар алғашқы балалық шағында осы қабілеттерімен керемет ерекше болатындығын ғалымдар нақты анықтап, таң қаларлық зерттеу нәтижесіне қол жеткізді.

Жалпы әлемдік медицина ұйымы орта есеппен әйелдер қауымы күніне қант қосылған тәтті газды сусынды 25 грам мөлшерінде қолданады деп айтып отыр.

 
   
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com