Дизель
көліктерінің күні өтеді ме?
Болашақта Еуропадағы дизель көліктерінің жүруіне тыйым салынады, Ал Азияға
бұл қалай әсер етеді? Бұл туралы корей бұқаралық ақпарат құралдары жазып
келеді. Жақында Германиядағы Гамбург қаласында дизельді көліктердің жүруіне
тыйым салына бастады. Бұл шараны одан әр басқа мемлекеттердегі Париж, Мадрид,
Мексико, Афина секілді тағы басқа қалалар қолдап отыр. Олар да 2025 жылдан
бастан дизельді көліктің қала ішінде жүруіне тыйым салады деп айтылуда. Дания еліндегі Капенгаген қаласында дизельді көлікті
жүруіне тыйым салады. Ал енді Франция мен Ұлыбританя елі 2040 жылдан бастап өз
елінде дизельді және жанармаймен жүретін көліктің сатылуына тыйым салатынын
жариялады. Бұл болашақта көлік өнеркәсібіне үлкен өзгеріс әкеледі деп айтып
отыр корей көлік жасаушы мамандары.
Еуропаның мұндай әрекеттері мен көліктің жүруін шектеу заңдары Азия
елдеріне де әсер етпей қомайды. Көбіне экономикасына әсер етеді. Азия елдерінің
тұтынушылары көбіне Еуропа елдерінде. Бұл туралы қазірдің өзінде Корея мен
Жапония экологтары айта бастады.