Ірі халықаралық жарыстар сонымен қатар Кореяның әлемдегі
мәдени және технологиялық ықпалының артуына ықпал етеді. Әлем кубогы - 2002, Азия ойындары - 2014,
қысқы Олимпиада - 2018 корейлерге өздерін тек спорттық күш ретінде ғана емес,
сонымен қатар озық технологиялар, дизайн және стиль саласындағы көшбасшылар
ретінде көрсетуге мүмкіндік берді.
Мәселен, 2018 жылы Пхенчхан Олимпиадасының
орталығында дәстүрлі және заманауи корей мәдениетінің жетістіктерімен
кез-келген адам танысатын арнайы кеңістік құрылды. Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар кешенінде оңтүстіккореялық технологилардың жетістіктері мен мәдени саладағы суретшідердің медиа-арт
стиліндегі жұмыстары қойылды.