Баланың тапқырлығы
  
 작성자 : admin
작성일 : 2019-07-23     조회 : 172  


Баланың тапқырлығы

Баласы мектептен көп қалады, барса сабақтан қашады. Ұлының бұзықтығын естіген әкесі кешке жұмыстан келген соң ұлын шақырып, түсін суытып, қатулы жүзбен былай дейді: 

«Американың Линкольн деген президенті сенің жасыңда не істегенін білесің бе?»

Баласы көп кідірмей: «жоқ, білмеймін» деп жауап береді. 

Әкесі: «Үйде де, мектепте де қолынан кітап тастамай, күндіз-түні оқыған».

«Әке, оны мен де жақсы білемін ғой. Сіздің жасыңызда ол президент болған жоқ па?» - депті баласы. Сөз тапқанға қолқа жоқ деген осы. 

Корей тілінен аударған Дастан Ақаш 
 
   
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com