КОРЕЙ ЕЗУТАРТАРЛАРЫ: Дұға
  
 작성자 : admin
작성일 : 2019-07-23     조회 : 151  



Дұға


Бір студент шіркеуде аса ыждаһаттылықпен беріле сыйынып отыр екен:

-       А, Құдай! Менің жалғыз тілегім бар – біздің мемлекеттің астанасын Пусанға қарай көшіріп жіберсең екен, - деп.

Жанында тұрған поп оның дұғасын естіп:

-       Балам, сен неге Құдайдан сондай тілек тілеп отырсың? – дейді сұраулы жүзбен. Сонда студент:

-       Әулие әкей, мен бүгін корей тілі мен тарихынан емтихан тапсырып едім. Билетте біздің мемлекеттің астанасы қай қала деген сұрақ келіпті, мен байқаймай Пусан деп жазып жіберіп едім... – деп жауап беріпті.


       Корей тілінен аударған Дастан Ақаш 


 
 
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com