Дұға
  
 작성자 : admin
작성일 : 2019-10-22     조회 : 305  


Дұға

Жазушы И До Хуанның әңгімелері 

«Ағайындар менің сөзіме бір сәт құлақ түріңіздерші!»

Бір орта жастағы жігіт метроға мініп, кенет дауысы дірілдеп сөйлей бастады. Жолаушылардың назары өзіне қарай ауғанда, жігіт сөзін қайта жалғастырды.

«Төрт жастағы менің қызым қазір университет ауруханасында ауыр халде жатыр. Жазылмайтын ауру болғандықтан қашан тәм-тұзы таусылатынын білмейміз», деп жігіт жыламсырағанда, метро ішіндегі жолаушылардың кейбіреулері қабақтарын шытып, өзара күбірлесе бастады:

-          «Бұған қалай сенесің? Өтірік айтып, ақша тапқысы келетін адам».

-          «Метроға міне қалсаң осындайлардан аяқ алып жүре алмайсың. Құрып кеткірлер, жынға тиеді».

Жолаушылар ренжіп, мойындарын кері бұра бастады. Бірақ жігіт тастамай сөзін әрі қарай жалғай берді.

-          «Мен бұрын бір кітаптан мынадай сөз оқыған ем. Көпшілік бірге дұға етсе, қиыншылық кетеді деген... Сондықтан мына жерге келіп тұрмын. Менің қызым үшін дұға етші деп көрген адамның бәріне өтініп жүрген бетім. Осы метро ішінде отырған сіздер де менің қызым үшін тірі қалсын деп дұға етсеңіздер сіздерге мен разы болар ем. Қызымның аты И Сонхи. Көп рахмет!».

Жігіттің сөзі осымен бітті. Және иіліп сәлем етіп, ақырын метроның келесі вагонына өтті. Оған біртүрлі қараған адамдардың барлығы сең соққандай үнсіз қалып, келесі вагонға өтіп бара жатқан оның соңынан қарап қала берді. Бірнеше адам ақырын көздерін жұмып кішкене қыз үшін іштерінен дұға оқи бастады.

Метро зулап келеді.


Корей тілінен аударған Дастан АҚАШ 

"Әлем әдебиеті журналы" № 1 саны 2006 ж.

 
   
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com