Корей маскаларының сыры
  
 작성자 : admin
작성일 : 2020-12-28     조회 : 36  


      Кореяның базарларына бара қалсаңыз кәріс маскаларын сатады. Оларды «хангуг таль» деп атайды. Үлкен қабырғаға іліп қоятын үлкен маскалар. Кілттерді өткізіп қоятын шығыршықтармен бірге болады. Оларды шетелдіктер сұрамай ала береді. Бірақ ол маскалардың әдемі пайда болу тарихы бар. Олар адамдарды сынаудан барып туған маскалар. Корей тарихында адамдар бай адамдарды, билікті, шенеуніктерді сынап, қоғамдары халықтың наразылығын бейнелеп, биліктегі мен байлықтағы адамдардың қылықтарын, шынайы бет-бейнесін суреттеуге тырысқан. Сол маскалардың арасынан мемлекеттік қызметтегі пара алғыш патша сарайының қызметкерлері, аузы қисық болса да сөйлейтін бай ұлдарын, күйеуінің көзіне шөп салатын әйелдерді суреттейді. Бұдан басқа кәрістер маска арқылы билік пен сауда саттықпен байып, мастанып кеткен алаяқтар мен байларды, қатігез шенеуніктерді маска киіп, сахналық қойылымдар қойып сынаған. Сахнада ойнаған әстістер сол маскаларды киіп, түрлерін көрсетпеуге тырысқан. Егер көрсетсе олардың соңынан шам алып түсіп, көздерін жойған екен. Сеул базарларынан сатып алатын маскалардың осындай маңызы бар.

Маскалық қойылымдар бұрын қоғамның ақ қарасын көрсету үшін, халықтың қамын ойлағандықтан пайда болып, халық арасында кең тарап, маскалық қолөнердің дамуына зор үлесін қосқан. Маска жасайтын шеберлерді іздеп барып, қойылым қоюшылар өздерінің суреттейтін адамдарының бет-бейнесін айтып беріп, тапсырыс берген. Маска жасаушылар мен оны тапсырыс беруші әртістердің арасында құпия келісім болған. Маскалардың ішінде жақсы адамды, яғни қайырымды адамды бейнелейтін, қайырымсыз адамды, қатал қожайынды, сараң байды бейнелейтін маскалар көп. Кәріс маскаларын бұрын ауылдарда жақсы жасаған. Оларды кішкентай ауылды жерлерде, уездерде жасап, Сеул секілді шаһарда қымбат бағаға сатқан. Ендігі жерде Оңтүстік Кореяға ат басын бұрып бара қалсаңыз қандай маска алатыныңызды біліп алыңыз. 

 
 
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com