Че Гю Ха
(1919-2006)
(1979-1980 президенттік мерзімі)
Бұл президент корей
елінің төртінші президенті болған. Премьер-министрліктен президент болған ең алғашқы президент. Оның да мерзімі ұзақ болмады. Бір жылдан аса уақыттан кейін ол да
президенттік лауазымды әскерилердің қолына өткізіп берді. Алайда оның тұсында
корей экономикасы мұнай тапшылығына ұшырады. Әлемде болған «Мұнай соққысы»
кезінде араб еліне барып, корей елінің экономикасы үшін ынтымақтастық жасаған.
Сол кезде айтқан мына бір сөзі тарихта қалған. Одан корей елінің компаниялары
қай аймақта көп әрекет жасағанын байқай аламыз.
«Біздің корей жұмысшылары
Сауд Арабия елінің дамуы үшін түні бойы ұйықтамай алау жағып, құрылыс жасап
отыр. Бірақ біздің Оңтүстік Кореяда мұнай тапшылығы туындап, үлкен шу шықты.
Корей елінің жұмысшыларына қарап, құрметті Ел басшысы қайырлысын жасауыңызды
сұраймын».
Міне,
осыдан кейін корей үкіметі басты проблемасы – мұнайды шешіп алады. Оңтүстік
Кореяның компаниялары мен жұмысшылары арап елдерінде көп жұмыс жасап, өз еліне
табыс әкелді. Сол кезде корей жұмысшыларын араптар өте еңбекқор деп таныған.
Дастан Ақаш