Миянмалық жігіттің сұхбаты
  
 작성자 : admin
작성일 : 2019-11-09     조회 : 183  


Оныңаты - SWE LYNN HTET. Мьянмадан келген. Ол 36 жаста. Ол кәріс тілін біледі. Сеул қаласындағы Корея университетінде оқиды. Ол кәріс тағамдарын ұнатады және кәріс тілінде жақсы сөйлейді. Ол еңбекқор, бар ынтасымен білім алуда. Ол күн сайын зертханаға барады. Ол зерттеуші, сонымен қатар оның қолы әрдайым бос емес. Бүгін біз одан сұхбат алдық. Ол үйленген. Отбасы өз елінде тұрады. Ол Кореяға оқуға жалғыз келді. Оның үлкен мақсаты бар және ол осы мақсатқа жетуді армандайды.

 

Qazkorea.com: Сәлем. Мен отбасы туралы сұрақ қоямын, жақсы ма?

SWE LYNN HTET: Сәлем, жақсы.

Qazkorea.com: Мен естуімше, Кореядағы көптеген шетелдік студенттердің отбасы бар. Меніңше, бұл жағдай олар үшін өте қиын. Олар отбасын оқу үшін тастауға мәжбүр болды, бұл олар үшін өте қиын. Алайда, мен ондай адамдарды көргенде, оларға таң қаламын. Сонымен қатар, мен оларды жігерлендіргім, оларды қолдайтын сөз айтып, сенің жақсы екеніңді айтқым келеді, сондықтан оларға ұстамды бол дегім келеді. Мұндай қадамды әр адам жасай алмайды, тіпті бұл жаста да? Менің ойымша мұндай адамдарды үлгі ету керек. Олар бұған тұрарлық. Мен оларды бағалаймын және мұндай адамдар біздің әлемді жақсы жаққа өзгертеді деп ойлаймын. Сенің неше балаң бар?

SWE LYNN HTET: Менің бір қызым бар.

Qazkorea.com: Отбасысыз Кореяда оқу қиын емес пе?

SWE LYNN HTET: Әлі жоқ. Бірақ кейде өзімді жалғыз сезінемін.

Qazkorea.com: Сенің бағдарламаң отбасыңды қамтамасыз етпейді, сондықтан отбасыңды қалдырып кеттің бе?

SWE LYNN HTET: Мен нақты білмеймін, бірақ олар менің отбасымды да қамтамасыз ете алмайды, өйткені менің әйелім де, мен сияқты үкімет қызметкері.

Qazkorea.com: Неліктен бұл корейлік бағдарлама зерттеу отбасына бірге қарамайды? Неге олай ойлайсыз? Бұл қымбат немесе экономикалық тұрғыдан тиімді емес пе?

SWE LYNN HTET: Айтуға қиын.

Qazkorea.com: Отбасысыз неше жыл өмір сүрдің?

SWE LYNN HTET: 2017 KGSP студенті ретінде мен Кореяда бір жылдан астам уақыт болдым.

Qazkorea.com: Сен не оқып жатырсың? Магистр немесе докторантура ма?

SWE LYNN HTET: Мен Ветеринарлық денсаулық сақтау магистратурасында оқып жатырмын.

Qazkorea.com: Сен қай университетте оқисың?

SWE LYNN HTET: Мен қазір Сеулдегі Конкук университетінде оқимын.

Qazkorea.com: Сенде күнделікті сабақ бар ма?

SWE LYNN HTET: Менде күнде сабақ болмайды. Бірақ менің ойымша, бұл мамандыққа, оқу жоспарына және қанша пәнді қабылдауға байланысты болады.

Qazkorea.com: Оқудан кейін сен өз еліңізде қайда жұмыс істейсің?

SWE LYNN HTET: Мен үкіметтің қызметкерімін. Мен аспирантураны осы жерден бітірген кезде мен де мемлекеттік қызметшімін.

Qazkorea.com: Сен дәрісті корей немесе ағылшын тілдерінде тыңдайсың ба?

SWE LYNN HTET: Конкук университетінде аспиранттар үшін ветеринария дәрістері екі тілде, корей немесе ағылшын тілдерінде өтеді. Мен қай тілді таңдаймын, сол таңдауыма қарай жазыла аламын.

Qazkorea.com: Соңғы сұрақ. Қазақстан туралы білесің бе? 

SWE LYNN HTET: Мен Қазақстанды Орталық Азияның бір дамушы елі ретінде білемін. 

 

 

Сұхбатыңызға рахмет.

Сұхбатты ағылшын тілінен дайындаған Дастан Ақаш

 

 
   
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com