Тайланд қызының сұхбаты
  
 작성자 : admin
작성일 : 2019-08-07     조회 : 221  


Тайланд қызының сұхбаты

Корей тілінде сөйлейтін шетел жастарымен сұхбат

Дастан Ақаштың арнайы жобасы 


Енчжи (Thanyarat Uemsathianporn –Тайландттық аты, біз корейше қысқа атымен таныстырып отырмыз) Тайланд елінен. Қазір ол Тайланд елінде тұрады. Кореяда бірнеше оқу орнында оқыды. Қазір оның корей тілінен 6-шы дәрежесі бар. Жалпы корей тілін мықты білетін қыз. Бүгін ол біздің сайттың қонақтары үшін корей тілі, мәдениеті және музыкасы туралы арнай сұхбат берді.

Qazkorea.com: Сәлеметсің бе?

Енчжи: Сәлеметсіз!

Qazkorea.com: Қазір не істейсіз?

Енчжи: Қазір мұнай саласы бойынша АҚШ компаниясында жұмыс жасаймын. Біздің компания шетелдерде сауда ісімен айналысады, Тайландта біздің компаниямыз «Банконг бизнес орталығы» деп аталады. Менің атқаратын ісім Кореямен байланысты біздің компанияның ісімен шұғылданамын.

Qazkorea.com: Корей тілін қашаннан бері білесіз?

Енчжи: Университеттің 1-ші курсынан корей тілін оқуды бастадым. Оған дейін өзімше әріп танып оқып, біраз оқи алдым.

Qazkorea.com: Тайландттық жастар корей тілін тез үйреніп алады деп естідім. Иероглифтер болғандықтан солай тез меңгеріп алады ма?

Енчжи: Меніңше корей тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары тым көп емес соның үлкен көмегі болды деп ойлаймын. Тайланд тілімен салыстырғанда дауысты дыбыстар тым аз. Біздің елдің тілінде дауысты дыбыстың 44 түрі бар. Ал корей тілінде бар жоғы 21 түрі бар. Сондықтан тез үйреніп алатын сияқты деп ойлаймын. Екінші, корей тілі мен тайланд тілінің сөз жасауы ұқсастау келеді. Мысалы корей тілінде дауыссыз бен дауысты дыбыстар қосылып сөз жасайды ғой. Тура сол секілді. Ал Қытай мен Жапон тілі өзгешелеу, мүлдем басқа десем болады. Бізде корейлердікіндей иероглиф жоқ.

Qazkorea.com: Корей мәдениетінің ішінде қай мәдениет ұнайды?

Енчжи: Маған корейлердің затты жеткізіп беру (тасымалдау мәдениеті) мәдениеті қатты ұнайды. Өте жылдам әрі қолайлы деп айтар едім. Қандай зат болсын, қалай болсын бәрі жеткізіп бере алады. Адамға тіршілік еткенде үлкен септігі тиеді екен.

Qazkorea.com: Қай корей тағамын ұнатасыз?

Енчжи: Корей елінің асын ұнатамын, біреуін айтайын десем жақсы көретінім өте көп. Таңдау оңай болмай тұр. Бірақ таныстырғым келетін бір ас бар. Ол Нагджи жоткаль деп аталады. Басты тамақ емес, кимчимен бірге жесе де болады, күрішпен кимчимен аралыстырып жесе де болады.

Qazkorea.com:Шетелдіктер Кореяда тамақ жей қалса тамақты суретке түсіретін әдет бар екен. Өзің де солай жасайсың ба?

Енчжи: (Күлді) Иә, мен де әдетте солай жасаймын. Тек Кореяда болғанда ғана емес, сол ел туралы есімде сақтағым келсе сол елдің асын суретке түсіріп аламын. Солай көп суретке түсірдім.

Qazkorea.com: Қазір заман жастардыкі ғой. Сенің сүйікті «Айдолдарың» бар ма? Немесе корей әншілерінің тобы болса да атап өтсең болады.

Енчжи: Иә, бар. Жалпы корей әнші мен айдолдарын жақсы көріп, корей тілін оқуды бастадым. Бұрын мен жақсы көретін әртіс «Beast» болатын, қазір ол топқа айналып «Highlight» болып аталып өнерін жалғастыруда.

Qazkorea.com: Кореяда корей әншілерінің концертіне барып көрдің бе? Ол туралы қандай әсер алдың?

Енчжи: Кореяда жүргенде көптеген әншілердің концертіне бардым. Концерт, кездесу, теларналық шоу және музыкалық қойылым тағы басқа. Өте қызықты, тартымды концерттер. Жалпы концерт туралы әсерімді айтар болсам, өткенде жоғарыда атап өткен «Highlight»  тобы әскерге баратын алдында концерт қойды. Бұл концерт оның сүйікті фанаттары мен тыңдаушыларына арналып жасалынған концерт болды. Бұл олардың соңғы концерті. Енді екі жылдай олардың концерті болмайды. Олар әскерге кетер алдында өзінің сүйікті фанаттары мен тыңдармандарына арнайы концерт беріп, қоштасып кетті.

Qazkorea.com: Корей киносын жақсы көресің бе? Саған ұнайтын кино бар ма?

Енчжи: Бар, алайда ол кино емес. «Пондан Пондан ропы» деп аталатын драма. Жалпы тым ұзақ емес, кино секілді 1-2 сағат бойы қызықтап көре аласың. Мазмұны ғана емес, жалпы өзі қызықты әрі корей тарихы туралы көп білуге септігі тиетін драма болғандықтан жақсы көремін.

Qazkorea.com: Кино туралы тағы бір сұрақ. Жалпы ең алғаш рет корей киносын қалай көрдің есіңде ме?

Енчжи: Шынымды айтсам қай киноны алғаш рет көргенім есімде жоқ. Есіме нақты түспей тұрғаны.... Жалпы бала күнімде корей киноларын біздің Тайландта көп көрсетті. Сол кезде отбасыммен көргенім бар. Біздің елде кореялық «тентек қыз» туралы кино болды. Одан да басқалары болған. Сөйтіп жиі көрдім....

Qazkorea.com: Мысалы «Корея» десе ең бірінші көз алдыңа не елестейді? Сенің есіңе ең бірінше не оралады?

Енчжи: Өте жақсы сұрақ екен. Корея десе «Корей тағамы», «К-поп» және «Корей косметикасы» көз алдыма келеді.

Qazkorea.com: Корей еліне оқуға бару жоспарыңда бар ма?

Енчжи: Шынымды айтсам, әзірге ондай жоспарым жоқ. Жұмысты бастағаныма 2-3 ай ғана болды. 2-3 жыл жұмыс жасап, содан кейін ойланып көрмесем.

Qazkorea.com: Кореяға қатысты емес бір сұрақ қойсам. Тайландықтар Қазақ елі туралы біле ме? Қаншалықты біледі деп ойлайсыз?

Енчжи: Біздің елде адамдар Қазақстан туралы біледі. Көбі елдеріңіз Еуразиялық ел, кеше Кеңес одағының қоластында болғанынан хабардар. Қазір Олимпиада мен Азиялық ойындар арқылы Қазақстанда жақсы таниды және жиі көреді. Алдағы уақытта біздің елдеріміз мәдени байланыстарын дамытса жақсы болар еді.

Qazkorea.com: Біздің сайтымыздың көрушілеріне айтарыңыз бар ма?

Енчжи: Өте жақсы жоба. Өте жақсы сайт. Жастарға керек деп ойламын. Сіздерге осы сайт арқылы корей елінің мәдниеті туралы айтуға мүмкіндік туғанына шын мәнінде қуанып отырмын. Менің сұхбатымды да оқып, біраз корей елі туралы біліп, қызығушылық танытсаңыздар өте жақсы уақыт өткізесіздер.

Qazkorea.com: Сұхбатыңызға рахмет!

Енчжи: Сізге де көп рахмет!


Сұхбатты корей тілінен аударып дайындаған Дастан Ақаш

 
   
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com