Болгария елінен келген Джуллетта
  
 작성자 : admin
작성일 : 2019-08-07     조회 : 353  


Болгария елінен келген Джуллетта

 

Корей тілінде сөйлейтін шетел жастарымен сұхбат

Дастан Ақаштың арнайы жобасы

 

Джуллетта Болгария елінен келген. Қазіргі таңда Корея елінде «Корея» деп аталатын оқу орнында оқып жатыр. Онда социология бойынша білім алуда. Бүгін бізге корей мәдениеті, тілі мен ғылымы  туралы айтып береді.

-         Сәлеметсің бе Джуллетта? Корея деп аталатын оқу орнында білім алу қалай?

-         Тым қарбалас, қиын күндер де бар, өте қызықты, мәнді күндер көп болғандықтан қорыта келгенде жақсы деп айтуға болады. Корей білім деңгейі тым жоғары болғандықтан «Корея» оқу орнында оқу жеңіл емес бірақ осы оқу орнының мәдениеті мен білім беруі өзіме ұнайды.

-         «Корея» оқу орнында шетелдіктер көп пе?

-         Былтырғы жылғы статистикалық мәліметке сүйенсек мен оқып жатқан оқу орнында шетелдіктер ең көп екен.

-         Оқуға үйрендіңіз бе?

-         Алғашында корей тілінде барлық міндетті түрде алу керек пәндер мен дәрістер болды, солар біршама қиын болды. Алайда профессорлар мен тіл білудің арқасында біраз бейімделіп кеттік.

-         Корей тілін неге үйрендің? Қашаннан бастап?

-         Мен біздің елде 5 жылдай корей тілін оқыдым. Корей мәдениеті мен тіліне қызығамын.

-         Болгария елінде корей тілін үйренушілер көп пе?

-         Соңғы кездері К-ПОП-тың әсерімен үйреніп жатқандар көп.  Қазір жастар жаппай корей тілін осы корей К-ПОП арқылы үйренеді.

-         Корей әндерін жиі тыңдайсыз ба?

-         Корей әндерін тыңдап ұнатқанна көрі, мен жақсы көретін әнші бар. Оның аты «Тонбаншинги».

-         Болгария адамдары Кореяны қалай таниды?

-         Былайша айтқанда көп білмейді. Дамыған ел деп қана біледі.

-         Мысалы Джуллетта «Корея» дегенде сіздің ойыңызға не келеді?

-         Корейлік патриотизм.

-         Сұхбатыңызға рахмет.

-         Сізге де рахмет.

Корей тілінде сұхбаттасқан Дастан Ақаш

 
   
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com