– Әлемде жедел дамып келе жатқан Оңтүстік Корея Республикасының
қазақстандықтар үшін орны бөлек. Осы орайда сіздерді жаңа
президенттеріңізбен, әсіресе, қоғамда орны бөлек әйел адамның ел басқаруды өз
қолына алуымен құттықтағымыз келеді. Мемлекеттің жаңа басшысы кореялықтарды
бақытты өмір сүруге, жаһандану дәуірінде өз орны бар республиканы одан
әрі өркендетеріне кәміл сенеміз. Сіздің ойыңызша, Оңтүстік Корея
Республикасы мен Қазақстанның арасындағы жарасымды байланыстар
алдағы уақытта қалай дамиды?
– Рақмет..... Сонау 1992 жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас
орнағалы бері, 20 жыл бойы саясат, экономика, қоғам, мәдениет және басқа
да әсалалар үздіксіз дамып келе жатыр. Осылайша екі ел арасындағы
қарым-қатынас 2009 жылдан бері стратегиялық қарым-қатынас болып жаңғыртылды.
Болашақта Қазақстанның экономикалық орталыққа айналуы жолында
Корея өзін ең жақын серіктесі болуын ұсынады. Корея үкіметі және кәсіпкерлері
қазақстандық серіктестерімен әрі қарай тағы 20 жыл бірлесе жоспарлар құрып,
нақты жұмыс жасауды көздеп отыр. «Сенімді барлығынан да маңызды» деп
есептейтін Корея кәсіпкерлері қазақстандық әріптестерімен ғылыми-зерттеулер
жүргізе отырып әрі жергілікті жұмыс күшін тартуда белсенді жәрдем көрсетіп,
ең сенімді серіктеске айналары сөзсіз.
– Қазақстан мен Корея арасын¬дағы дипломатиялық байланыс 1992
жылдың қаңтарында орнағаны белгілі. Содан бері байқағанымыз – Кореяда екі
мың жыл бұрын билік құрған Когуре әулетінің байрағындағыдай Қазақстан
жалауында күн мен самұрық құсы бейнеленген екен. Бұл да арамыздағы
ұқсастықтарды байқататын секілді. Бұған не айтар едіңіз?
– 3-4 мың жыл бұрын кәрістердің ата-бабаларының кейбірі Алтай
өлкесінде тұрған деген дерек көптеген тарихшыларды таңғалдырарлық жайт.
Білуімше, Қазақстан мен Кореяның тарихи байланысын дәлелдеген
тарихшылардың жазбалары және Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірінде табылған
жартастағы жазулар мен атамұраларды зерттеу жұмыстары жалғасып келеді.
Екі ұлт арасында лингвистикалық ұқсастықпен қатар, рухани
әрі мәдениет жағынан жақындық байқалады. Бұл тарихи
ұқсастықпен байланысты деп ойлаймын.
Тарихи және мәдени
ұқсастықтар екі ұлттың бірін-бірі түсінуі мен елдің арасындағы
ынтымақтастықты жан-жақты ұлғайтуға әсерін тигізеді.
– Сізбен саясаттан
гөрі, рухани құндылықтарымыз туралы әңгімелескіміз келеді. Қазақтар Корея
телехикаяларын жиі көреді және екі ұлттың арасындағы ұқсастықтарға
тамсанады. Әсіресе, анайы көріністері жоқ киноларға тәнтіміз. Шын мәнінде,
корейлік ата-аналар ұл-қызын тәрбиелі етіп өсіруге қаншалықты күш салады,
көпбалалы болуға мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп, қандай жәрдем
көрсетіледі?
– Кореяда
ата-ананың балаға білім беру ынтасы жоғары екені дүниежүзіне белгілі десек те
болады. Баланың білім алуы мен үй іші татулығы кәрістердің өміріндегі ең
маңызды құндылықтардың бірі болып есептеледі.
Бірақ баланың
біліміне тым жоғары назар аудару салдарынан, мектеп уақытынан тыс қажет
ететін қосымша дәрістер ақысының ата-анаға түсіретін салмағы артып, оның арты
ата–ана мен балаға бірдей қиындық тудыруда. Осындай және тағы да басқа
мәселелер қазіргі таңда Кореяда бала туу көрсеткішінің өте төмен деңгейге
түсуіне себеп болуда.
Сондықтан Корея
үкіметі бала туу көрсеткішін арттыру саясатын жүргізіп жатыр. Екі баладан
астам отбасылар үшін балаларды бағып-күтуге және тәрбиелеуге көмек көрсетілу,
төленетін салық мөлшерін азайту секілді қоғамдық қолдау көрсетілуде.
– Қазақтар мен
корейлердің мәдениеті ұқсас дейді. Корей тілі де қазақ тілі секілді морфологиялық
құрылысына қарай агглютинативтік тілдердің тобына жатады екен. Сондықтан
тілдерінде де, түсініктерінде де ұқсастық бар. Корейлер жеті-сегіз атаға дейін
қыз алыспайды екен. Қазақтар жеті атаға дейін. Сіз байқаған басқа да ерекшеліктер
бар ма?
– Біздің
халықтарымыздың үй іші және туыстық қатынасты маңызды деп санауы, үлкенге
құрмет және өмірге сүйіспеншілік сезімі де өте ұқсас.
Екі ұлттың жанұяны
қаншалықты маңызды санаса, соншалықты сырттан келген қонаққа үй иесінің қонақжайлылық
мәдениеті де ұқсас.
Қазақ халқында
«Үйге келген қонақ – үйге бақыт пен байлық әкелетін Құдайдың батасы» деп есептейтінін
білетінмін. Корея халқының дәстүрі бойынша да қонаққа жоғары сый-құрмет
көрсетіледі.
Баланың білім
алуына ерекше көңіл бөлу екі елге тән қасиет деп ойлаймын. Кореяда «Баланың
білімі үшін ата-анасы бар жерін және малын аямас» дегендей, қазақ халқында да
осыған ұқсас мақал бар деп естігенмін.
– Корея халқы
әлемдік жаһанданудан зардап шегіп отырған жоқ па, ұлттық құндылықтарды қорғау
бағытында қандай шаралар қабылданып жатыр?
– Корея
Республикасы ашық болудың және ырықтандырудың арқасында көп нәрсеге қол
жеткізді. Әрине, дайындығы жеткіліксіз жағдайда ашық ел болу және ырықтандыру
саясаты ел экономикасын дағдарысқа ұшыратуы әбден мүмкін. Қалайда Корея
Республикасының тарихын шолып қарасақ, белсенді ашық саясат жүргізілген
уақыт ел ырыс-берекесі нағыз гүлденген кезең болып келді.
Барлық елдер
жаһанданудың артықшылықтарын пайдалану үшін алдын-ала жете дайындық пен бірлесе
дағдарысты мүмкіндік ретінде қолдана білетін ерлік пен даналықты қажет етеді
деп ойлаймын.
– Елші мырза, сіздің
елде мемлекеттік тіл қаншалықты маңызды және оны өзгелердің міндетті түрде
білуі маңызды ма? Келешекте қазақша үйреніп кету жоспарыңызда бар ма?
– Кореяның
мемлекеттік тілі «хангыль» кәріс халқының этникалық және мәдени
ерекшелігін қамтып көрсетеді. Тілімізді кейінгі ұрпаққа жеткізіп дамыту –
басты парызымыз. Сондықтан Корея және кәріс этносы жөнінде терең білудің жолы –
кәріс тілін меңгеру.
Мен де сол секілді
Қазақстан және қазақ халқын терең ұғыну үшін әрі жақын досына айналу үшін қазақ
тілін оқып жүрмін. Дегенмен, жаңа тілді тым кеш бастап меңгеру оңай іс емес
(күлді).
– Дипломат ретінде
Корея мемлекетінің мүддесін қалай қорғап жүрсіз? Корей дипломаттарының
басты қасиеттері қандай?
– Басқа елдердің
дипломаттары секілді Кореяның дипломаттары еліміздің мүддесін қорғауға бар
күшін салады. Әсіресе, Корея мекемелері қазақстандық серіктестерімен
бірлесе ірі ауқымды экономикалық жобаларды іске асыру барысында
виза, жұмысқа рұқсат алу, кедендік рәсімдеу және басқа да мәселелерді жеңілдету
мақсатында жауапты ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуда. Осындай мәселелерді
шешуде Корея елшілігі екі елге де көмегі тиетін жолдарды іздеуде үлесін
қосып жатыр.
Корея
дипломаттарының басты ерекшелігі – қандай да іс болмасын белсенді атсалысуы.
– Қазақстан мен
Корей елінің қарым-қатынасына жиырма жыл толды. Екі ел – стратегиялық серіктестер.
Ендігі алдағы бес жылда корей мен қазақ қарым-қатынасы қай бағытта дамуы
мүмкін? Қазір қандай мәдени, ғылыми және экономикалық байланыстар
орнап жатыр?
– Әрине саясат,
экономика, қоғам және мәдениет әрбір саладағы байланыстар терең дамытылады.
Соның ішінде Қазақстан Үкіметі белсенді іске асырып жатқан өнеркәсіптікті
әртараптандыру және технология енгізу қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
жоғары технология және ғылым саласында ынтымақтастық нығая түседі деп сенемін.
Медициналық туризм,
медициналық технология алмасу бағдарламалары да белсенді іске асары даусыз.
Қазақстандық емделушілер Кореяда медициналық қызметті толық және қолайлы
пайдалануға жағдайлар жасалынып жатыр. Бұған қоса қазақстандық дәрігерлер кореяның
медициналық құралдарын пайдалануды жетік меңгеріп, қазақстандық
ауруханаларды жақсартуға көмегін тигізеді деп ойлаймын.
Мәдениет саласына
тоқталатын болсақ, екі ел өз мәдениетін таныстыратын түрлі шаралар өткізіп,
екі елдің ұйымдары да бірлесіп басқарған түрлі істерді жүзеге асыра отырып
екі жақты мәдени алмасуды дамытып келеді.
Өткен жылы Корея
мен Қазақстан арасындағы достық қатынастың 20 жылдығын атап өту қарсаңында
Астана және Сеул арасында ұйымдастырылған мәдени сапарлар аясында дарынды
артистер өнерін көрсетті.
Бұдан басқа да
басты ұйымдар бірлесіп ұйымдастырған музыка кеші, үздік сурет көрмесі және екі
жақтың мәдениеті мен өнерімен танысулар өткізіліп жатыр.
– Корей еліндегі
ипотека туралы айтып өтсеңіз. Сіздерде көпбалалы адамдарға әрі жас отбасыларға
және жастарға тұрғын үй алуға жеңілдік беріле ме?
– Кореяда жасы
20-дан асқан баспанасыз немесе бір ғана баспанасы бар азаматтар тұрғын
үйдің 70% дейін құрайтын 10 жылдан астам мерзімге тұрғын үй несиесін алуына
болады. Несие өтеу мерзімін 10-20 жылға дейін белгілеуге болады және мерзімнің
толық аяқталуына дейін тұрақты пайыз сақталады. Несиенің ең жоғарғы сомасы 200
млн вон (180 000 доллар). Оған қоса 3 баладан асатын отбасылар үшін жеңілдіктер
беріледі.
– Корей банктерінің
несиелік мөлшері қандай? Қазір Алматыда Шинхан және Ури, Кукмин деген корей
банктері жұмыс жасауда. Олар неге Астанада офистерін ашпайды? Қазақстандағы
корей банктері Қазақстанның шағын және орта бизнесін дамытуға үлес қосады
деп ойлайсыз ба?
Корея банктері өз
қызметін 2008 жылғы әлемдік дағдарыстан кейін біртіндеп бастады. Клиенттердің
басым бөлігі Алматы қаласында шоғырлануына байланысты Корея банктері
де осы шаһарда орналасқан. Алайда, соңғы кездерде бірнеше кореялық ірі
компаниялар Астанада өз офистерін ашуына байланысты көп ұзамай жаңа астанада
да Корея банктерінің ашылуын күтуге болады.
Қаржыландыру өнеркәсіптің
гүлденуі үшін аса маңызды. Осы орайда Корея банктері шағын кәсіпорындардың
дамуына зор үлесін қосады деп ойлаймын.
– Қазақстанда
Оңтүстік Кореяның әлемге танымал компаниялары жұмыс жасауда. Былтыр корей
инвестициясы бірінші орында болды. Алдағы уақытта Кореяның қандай жаңа
компаниялары Қазақстанда бизнес жасауды ойлап жүр?
– Ол рас. Samsung, Hyundai, LG, POSCO, KIA секілді Кореяның ірі және шағын кәсіпорындардың шамамен 200-і Қазақстан
нарығына шықты.
Болашақта Қазақстан
Үкіметі іске асырып жатқан Business Roadmap – 2020, 2017 жылы
Астанада өтетін EXPO-мен байланысты ICT, Hi-Tech-ке қатысты кәсіпорындар ғана емес, сонымен
қатар қаржы, кеме құрылысы, қуат қорын пайдалану, интелектуалды энергетикалық
жүйе (Smart Grid), күн сәулесі қуатын тиімді пайдалану мен жаңартылған энергия көздерімен
айналасатын кәсіпорындары ұлғаяды деп күтілуде.
– Қазақстанда корей
елінің киноаларын жұрт жақсы көреді. Корей мәдениетін осы кинолар мен сериалдарыңыз ТМД елдеріне кең
таратты. Корей мәдениетінің былай жан жақты таралуы үкіметтің қолдауымен іске
асып отыр ма, әлде корей интелегенциясының жұмысы ма?
– Білуімше,
Қазақстанда Корея телехиқаялары мен фильмдері өте танымал. Корея мәдениетінің
бүкіл әлемге танымал болуы Корея кәсіпорындарының көбейіп, ғаламтордың дамуымен
қатар жүзеге асты. Сонымен қатар мәдени және рухани ұқсастықтарымыз ерекше
роль атқарып келеді деп ойлаймын.
Мәдениеттің ұлттар
арасындағы достықты нығайтуда, ел арасындағы қатынасты дамытуда маңызы зор.
Сол себепті Үкімет Корея мәдениетін таныстыру үшін екі жақты мәдени алмасуды
қолдауға барынша күш салып жатыр.
– Корей елінің
жастары патриот екенін білеміз. Қазіргі корей жастары неге көп қызығады?
Оларды технологиядан басқа салалар қызықтыра ма?
– Қазіргі таңда Кореяның жасөспірімдері түрлі
салаларға қызығушылық білдіріп жатыр. Теледидар, ғаламтор арқылы тек Корея
емес әлемдік мәселелерден жастай хабардар болатын олар саясат, экономика,
қоғам, мәдениетке қатысты жан жақты мәліметтерге қол жеткізіп, өз пікірлерін
белсенді білдіріп жатыр.
Жастар үшін туындап
тұрған қиын мәселелердің бірі жұмысқа орналасу деп есептеймін. Бұл Кореядағы
басты қоғамдық мәселенің бірі болғандықтан, жастар алғашқы қадамын жасағанда
сәтсіздіктерге де ұшырайтыны болады. Қоғамдағы бәсекелестік артқан сайын, жақсы
жерге жұмысқа тұру үшін жастар өз қабілеттерін одан әрі дамытуы қажет.
– Өзіңіздің отбасыңыз туралы айта кетсеңіз.
Сіздің хоббиіңіз не? Бәлкім Сіздің де ерекше талантыңыз бар шығар?
– Отбасымда
жұбайым, ұлым және қызым бар. Жұбайым Sang-Myung жоғары оқу орнында
орыс тілі факультетінде профессор. Қазір Еуразия университетінде кәріс тілін
оқытады. Ұлым мен қызым биыл оқу бітіріп Корея компаниясында жұмыс жасап жатыр.
Өзім бос уақытымда
гольф ойнауды, балет тамашалауды ұнатамын.
– Сұқбатыңызға
рақмет
Төтенше және
өкілетті елші Пэк ЧУХЁН мырза 1957 жылы 8 мамырда дүниеге келген.
Білімі:
1984 жылы Сеул Ұлттық университетін ағылшын филологиясы
бойынша бітірген.
1989 жылы Тілдер
қорғау институтында оқыған (Пентагон мектебі, АҚШ).§
1993 жылы тарих ғылымдарының PhD бойынша Ресей ФедерацияСЫНдағы халықаралық§қатынастар дипломатиялық академиясына оқыған.
Мансабы:
1985 жылы мамырда
Жоғары дипломатиялық қызметке өту үшін емтихан тапсырған.
1985 жылы маусымДА Корей Республикасының Сыртқы істер министрлігінде
қызмет атқаруды бастаған.
1990 жылы Ресей Федерациясындағы Корей Республикасының
елшілігінде екінші хатшы.
1996 жылы –
Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы, OECD, Франция.
1997 жылы –
Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымындағы Корей Республикасының
тұрақты өкілдігінде бірінші хатшысы.
1999 жылы – Кадрлық
саясат жөніндегі басқарманың директоры (Корей Республикасының Сыртқы істер
және сауда министрлігі).
2000 жылы Кадрлық
басқару жөніндегі бөлімнің директоры (СІСМ).
2001 жылы – Шығыс
Еуропа басқару жөніндегі бөлімінің директоры (Еуропалық істер бюросы, СІСМ).
2001 жылы шілдеДЕ –
Ресей және ТМД елдері басқармасының директоры Еуропалық істер бюросы (СІСМ).
2002 жылы қаңтарДА
– АҚШ-тағы Корей Республикасының бас консулы (Нью-Йорк, АҚШ).
2003 жылы
желтоқсанда – Ресей Федерациясындағы Корей Республикасының елшілігінде
кеңесші.
2006 жылы
қыркүйекте – СІСМ Протоколы бас директорының орынбасары.
2007 жылы қаңтарда
– Бас директордың орынбасары Еуропалық істер бюросы (СІСМ).
2008 жылы тамызда –
Бас директордың орынбасары (Корей Республикасының Премьер-министрінің
Кеңсесі).
2010 жылы қаңтарда
– Бас директор. Консулдық сұрақтар және шетелдегі кәрістер бюросы (СІСМ).
2012 жылы наурыз –
Корей Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі.
Үйленген, екі
баласы бар.
Сұхбаттасқан
Жолдасбек ДУАНАБАЙ,
Дастан АҚАШ