Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен Польша боксшысы Камил
Шеремета арасында жекпе-жектің өткені туралы корей басылымдары да жазды. Оның
7-ші раундта женгені туралы хабарлады.
Корей елінің кейбір жеке спорт сарапшылары мен ютуб каналдары Геннадий
Головкин туралы әрдайым оң баға беріп, жазып келеді. Тіпті оны көпшілігі «Атом
жұдырықты Головкин» деп атайды. Әрине, бұл Головкиннің жойқын соққысына берілген
баға десек болады. Корей елінде мұндай теңеу жәйдан жәй беріліп отырған жоқ.
Бірінші, оның соққысын бағалау, екінші қарсыластарын шақ келтірмейтін спорттық
шеберлігін еске салу.
Жалпы Оңтүстік пен Солтүстік Корея арасындағы «атом мәселесі» туғалы «атом»
сөзі кейбір салада кеңінен қолданылып келеді. Сол саяси сөздің спорттық теңеуге
айналуы осының айғағы.