Джо Байденге Ким Чен Ын қандай лапша ұсынады?..
  
 작성자 : admin
작성일 : 2020-12-20     조회 : 66  


Джо Байденге Ким Чен Ын қандай лапша ұсынады?..

          «Пхеньянның» тарапынан жасалған нақты дипломатиялық қадамда үлкен бір мақсат пен ойын жатыр. 2018 жылы Панмунчжомда өткен келіссөздердің барысында бір қызықты оқиға болды. Солтүстік басшысы Мун Чже Инмен кездесе отырып, оған Пхеньяннан арнайы «Пхеньян лапшасын» алыстан ала келгенін айтты. Бұл сөзді айтып алып, «Алыстан деп айтуға болмайды екен ғой» дегені бар. Ол өзінің қате сөйлегенін байқап, өз сөзін өзі түзетті. Бір қызығы сол сөзді айтқан уақытта қасындағы қарындасына қарады. Бұл сәт оңтүстік кореялықтардың әлі есінде...

    Сол «Пхеньян лапшасы» дипломатия лапшасы атанды. Келіссөз өткен күні барлық Оңтүстік Кореяның мейрамханаларында құны өсіп, қадірі артып, бейбітшілік лапшасындай елестеп еді. Бір күнде дипломатия лапшасы аталған «Пхеньян лапшасы» кең танымал болды. Оңтүстік Кореяда жасалынып сатылды. Мұны шетелдіктер де көп жеп көрді. 

          CNN арнасында әлемге осы лапшаны таныстырды. Ел ішінде «Дипломатия лапшасы» деген атпен ( “Noodle of diplomacy”) танылған лапша атақты арнадан осылай көрсетілді.

          Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын мырза лапшаны алып келді. Оны жеп көрген Оңтүстік президенті дәмді деп мақтады. Осы бір әрекеті, Солтүстік Корея басшысының «таспен атқанды, аспен атқан» дипломатиясы бейбітшілікті қалайтындығын байқатқандай болды. Бірақ соңғы саммиттер сыр берді. Лапша желініп, бірақ мәселе шешілмей қалды. Енді, келесі АҚШ презиентіне Ким Чен Ын қандай лапшасын ұсынады? Лапша өз алдына, АҚШ пен Солтүстік Кореяның арасындағы келіссөздер тағы да лапша секілді созылып кетпесе болды...Ким Чен Ын лапшасын дайындап жатқанда, Джо Байден оған қуырдақ дайындап қалуы да мүмкін...

 
 
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com