«Кэсон зауыты» қашан іске қосылады?
  
 작성자 : admin
작성일 : 2020-12-27     조회 : 52  


«Кэсон зауыты» қашан іске қосылады?

          Кэсон екі корей елін жақындастыру мақсатында жүзеге асқан жоба, соған арналған зауыт. Ол солтүстіктің территориясында салынған. Оңтүстік Кореяның шекарасынан өтіп, Солтүстіктің шекарасына аяқ басқанда бірінші осы қалаға тірелесіз. Солтүстік Кореяның Кэсон деген жерінде бой көтерген зауытты жұрт қазір «Кэсон кондан» деп атап кетті. Бұл стратегиялық жоба. Мақсаты мен міндеті де ауыр. Бірақ өткен Пан Гын Хие билігі кезінде тоқтап қалды. Солтүсттік билігі одан түскен ақша мен қаржыны атом қаруын жасау жобасына пайдалануда деген күдікпен оңтүстік корей билігінің қалауы және талабымен жұмысын тоқтатқан себебі бар. Енді, содан бері жұмыс жасамай келеді. Бірақ оны басқарған оңтүстіктегі мемлекеттік коммуналдық ұйым-мекеме әлі күнге дейін жұмыс жасап отыр.

Кэсон зауыты қос корей мәселесіне байланысты жұмыс жасайды. Ол туралы сарапшылардың пікірі әртүрлі. Әзірге бұл зауыттың жақын арада жұмыс жасауы тек арман мен үміт ретінде қалып отыр. Екі елдің арасында келіссөздер жүріп жатқанымен Кэсон бір-екі аптада ашыла қалуы екіталай. Келіссөздердің нәтижесіне қарай барып Кэсон туралы сөз ете алмыз. Келіссөздер жүзеге асқаннан кейін де оның іске қосылуына, толықтай жұмыс жасап, жұмысының жандануына жоқ дегенде 9-12 ай уақыт кетеді. Содан кейін барып Кэсон қайтадан тауар өндіре бастайды.

Мысалы бұл жерде мақта және басқа да жеңіл өнеркәсіп өнімдері әзірленеді. Бұл жерде тек жұмысшылар жұмыс жасайды. Мұнда интернет және байқа да сымсыз байланыс жұмыс жасамайды. Оның себебі Солтүстік билігінің талабы бойынша солай. Қауіпсіздік талабы мен бір-біріне ақпарат тарап кетеді дейді. Ол жерде компьютермен жұмыс жасалынса да интернет жоқ. Ол жерде флешка алып кіруге тыйым салынған. Бұл жердің күзеті күшті. Екі елдің күзеті келген, кіріп-шыққан әр көлікті қатты тексереді. Әр затты, адамды тексереді. Солтүстіктің күзетшілері өздерінің территориясына өткен адамдарға қатты бақылау орнатып отырады. Сондықтан бұл жерде жұмыс жасау қиын. Тіпті оның ішіне газет пен журналда апаруға болмайды. Мысалы оңтүстік адамдары алып барса, оны солтүстік адамдары алса, оны апарған және оны алған, оқыған адамдарға айыппұл салынады. Солтүстік билігі кел-келген ақпаратты сүзгіден өткізіп отырады. Оңтүстік ақпаратын өз адамдары зауыт ішінде оқып, таныспасын деген әреттен туған шаралар деп айтып отыр сарапшылар. Сондықтан көбіне газет оқығыш оңтүстіктің адамдары алғашқы кезде оның ішіне алып барып, көп айыппұл төлеп, кейінгі кезде мүлде апаруын қойған делінеді.

Бұл жерге оңтүстік тарапы халықаралық шетел фирмаларын кіргізуді де ойлап еді. Бірақ оған оңтүстік тарапы көнбеді. Қытай да өз кәсіпорындарының өнімдерін сонда өндірілсе деген ниет танытқан. Бірақ сауысқандай сақ солтүстік оған көнген емес.

Жалпы бұл жердегі жұмыс ерте басталады. Бұл жерге жетудің өзі бір ғанибет. Ол қалаға келіп, кіру үшін екі жақтың адамдары таңғы 4-5 бестен үйлерінен шығады. Ол жерге таң ата жетеді. Бірақ тексерістердің кесірінен кеш кіреді. Сөйтіп қайта жұмысқа кірісіп, кешке қайтарда да сондай әлекпен өтеді.

Жалпы Кэсон мен корей түбегі мәселесі туралы «Чжим Рожосы»  деген адам әлемдік инвестор бар. Он осыдан 10 жыл бұрын Сингапурға отбасымен көшіп барып өмір сүріп жатыр. Ол сонау корей елінің 97 жылы көрген қаржы дағдарысында болжам жасап айтқаны бар. Корей түбегіне әлі әлемнің назары бұрылады депті. Оның айқтаны келді. Әлем назары Кэсон мен корей түбегі мәселесіне бұрылды. Бірақ әлі де корей мәселесі шешілмей келеді.

 

 
 
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com