Солтүстік Корея өз мәселесі туралы не ойлайды?
  
 작성자 : admin
작성일 : 2020-12-25     조회 : 41  


Солтүстік Корея өз мәселесі туралы не ойлайды?

БҰҰ-да өткен сессияларда сөйлеген Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Ли Ён Хоның сөзіне үңілейік. Министрдің мәлімдемесі Солтүстік Кореяның сыртқы саясаты мен ядролық қарудан арылудың негізгі бағыты мен нақты талабын айғақтайды. Министр мінберде «Америка деген толық сенім болмай, оған көз жеткізбей, біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігіне деген сенім де толықтай болмасы анық. Сондай жағдайда тұрып біздің ғана бір жақты түрде алдымен ядролық қаруды жою іс-әрекетіміз үзілді-кесілді түрде болмайды» деп елінің Американың іс-әрекетіне сенімсіздікпен қарайтынын әлемдік жұрт алдында ашып айтып салды. Онымен қоса министр ашық түрде әлемге ядролық қаруды жасаудың технологиясын ешбір елге өтпейтініне ресми түрде БҰҰ-да уәде берді. Бірақ өздерінің жасаған қадамына қарай Америка тарапынан «соған лайықты бірдей іс-шараны жасамайды деп»  сынағанына жұрт куә болды. Министр «Америка бізге алдымен ядролық қарудан арылуды талап етіп отырып, бұл істі күшпен тез арада шешу үшін Солтүстік Кореяға санкция мен қысымды күшейтіп отыр, Қос Кореяның арасындағы «соғысты тоқтату туралы келісімін» жариялауға да қарсы болып отыр деп Америка тарапын қатты сынға алды. «Бұған дейін екі Кореяның арасында үш мәрте болған саммит пен келіссөздер арқылы сенімділік орнап, бейбіт байланыстар тұрақ тапты. Ендігі кезекте Америка да Солтүстік Кореямен алдымен екі ел арасында сенімділікті ұялату үшін күш-жігерін салу қажет» деп қадап айтты. Оған қоса министр «БҰҰ-ның өткен қауіпсіздік резолюциясына қарай барлық зымырандарды ұшыруды тоқтаттық, алайда БҰҰ Солтүстік Кореяға қатысты санкциясын алып немесе жұмсартпады» деп министр сынға алды. Бүкіл елдің сыртқы істер министрлері бұл мәлімдемені үнсіз тыңдады. Бірі мойындаса, бірі мойындамаған сыңай танытты. Бірақ нақты істі ашып айтуға ұмтылу бүгінгі Солтүстік Кореяның сыртқы саясатының бағыт-бағдарына өзгеріс кіргенін көрсетеді. Президенттер басқаша сөйлегенмен, министр елдің сыртқы мүддесін жеткізіп отыр. Осыдан-ақ әлі де Америка мен Солтүстік Корея арасында келіссөздер мен саммиттерде «ядролық сауда» жүреді. Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі осы жолғы сессияға қатыса отырып, Ресейлік әріптесі Сергей Лавров және Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И, Жапон сыртқы істер министрі Таро Кономен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Лидің белсендігі – елінің сыртқы саясатта бедел жинай бастауымен байланысты.

 
   
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com