Жапониялық Абэ үкіметі Солтүстік Корея мәселесіне қалай қа...
  
 작성자 : admin
작성일 : 2020-12-25     조회 : 57  


Жапониялық Абэ үкіметі Солтүстік

Корея мәселесіне қалай қарап еді?

Бұл корей мәселесін қозғаған үшінші тұлға Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ мырза болды. Ол да өзінің пікірі мен ішкі мүддесін биік мінберден байқатып қалды. Ол бұған дейін Солтүстік Кореяны көбірек сынаушы еді. Бұл жолы мүлдем басқа түр танытты. Ол «Мен Солтүстік Кореяның өзгеруіне қатты қызығушылық танытып отырмын. Қазір Солтүстік Корея тарихи үлкен мүмкіндік, сәтті ұстап қалатын жолайырықта тұр» деп айта келе «Ким төрағамен кездесуге ниет-ойым бар» деп жеткізді. Бұл Абэнің сөзі екі Кореяның саяси алаңына тастаған бомбамен бірдей болды. Бұл сессияда Мун Чже Ии мен Доналд Трамптан кейін үлкен жаңалық жасаған адам осы Жапон елінің премьер-министрі. Ол сонымен қатар өз кезегінде «Солтүстік Кореяның әлі бойындағы оянбаған қуатын шығару үшін көмек-қолымызды аямаймыз» деп айтты. Абэнің сыртқы саяси ұстанымы қатаң саясаткер. Ол Солтүстік Кореяға жылы қарамайтын адамның бірі. Алайда соңғы келіссөздердің нәтижесінен кейін оның да сыртқы саясаты өзгере бастады. Қазіргі таңда ол Солтүстік лидерімен кездесіп талай істерді талқылауға ұмтылып отыр. Бірақ бұл екі елдің арасындағы байланыс әлі орнай қалуы екі талай. Абэ екі елдің арасында келіссөз өткізуге ниетті. Бұл екі елдің арасындағы саяси жарты ғасырлық, дау-дамау, текетірес, дипломатиялық ойындар мен байланыстар мен ерекшеліктер туралы келесі бір мақаламызда толық ашып жазамыз. Өйккені бұл Шығыс Азия аймағында өте күрделі тақырып әрі оның айтпай кетпеуге болмайтын тұстары да жетерлік.

 
   
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com