[공지] Солтүстік Корея газеті келіссөздерді қалай беруде?
  
 작성자 : admin
작성일 : 2020-12-27     조회 : 48  


Солтүстік Корея газеті келіссөздерді қалай беруде?

          Солтүстік Кореяның бірнші келіссөзді беруі бұрынғы кезден басқаша сипат байқатты. Бұған дейін 2000 жылғы және 2007 жылғы келіссөздерді қалай беріп еді? Соған тоқталайық. Сәуірдің 27 күні болған бірінші кездесуді олар мейлінше, тез беруге тырысты. Солтүстік Корея елінде түстен кейінгі уақытта алғашқы хабар тарады. Чосон орталық байланыс орталығы сағат кешкі 6-дан 30 минут кеткенде мынадай атпен мақала жариялайды. «Солтүстік Кореяның басшысы әйгілі басшымыз Ким Чжон Ын Оңтүстіктегі тарихи келіссөзге таң мезгілінде астана Пхеньяннан жолға шықты» деп жазады. Баспасөзде тарихи деп маңыз беруіне қарағанда мемлекет басындағылар да халықтан ештеңені жасырмауды көздеген сияқты.

          Солтүстік басшысының Оңтүстік тарапының шекарасынан аттап өтуін сағат таңертеңгі 9 деп белгілеп көрсетеді. Алайда Оңтүстік жағы оны сағат 9 дан 30 минут кеткенде деп жазады. Жалпы осы кездесудің уақыты екі елде екі түрлі айтылады. Оның себебі бар. Солтүстік Кореяда уақыт белгілеу дәстүрінде Оңтүстік Кореядан қарағанда 30 минутқа айрымашылық бар. Сондықтан Оңтүстік баспасөздері қате жазғаны емес, өз уақыттарына сай жазып отырғанын байқауға болады. Ким Чжон Ынның оңтүстіктегі келіссөзді жүргізген кезін Солтүстік тарапы түстен кейін сағат 3 тен 30 минут кеткенде көрсете бастайды. Оның өзі тікелей эфир емес, жазбаша түрін жеткізеді. Бұл 2000 жылғы және 2007 жылғы Ким Дэ Чжун мен Но Му Хеннің кезіндегі уақытпен салыстырғанда ертерек болып саналады. Олардың сапарын түстен кейін сағат 5 жарымда хабарлайды. Сондықтан осы жолғы Ким Чжон ынның билігі кезінде ақпараттың қарқыны мен жылдамдығына жылдамдық қосылып, өзгешелік пен жариялықтың біршама бар екенін байқатады.

 
 
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com