[공지] Көмірге қатысты санкциялар
  
 작성자 : admin
작성일 : 2019-08-08     조회 : 180  


Көмірге қатысты санкциялар

          Солтүстік Кореяда ең сапалы, көмірдің бір түрі «антрацит» шығады. Оны экспортқа шығарып келе жатқанына бірталай жыл болды. Бұрын Пхеньян тарапы осы көмір түрін көршілес және Социалистік елдерге көбірек экспорттаушы еді. Саясат салқынына байланысты және түрлі санкциялар бұл «антрациттің» адымын аштырмады. Оңтүстік Кореяның «Поско» темір зауыты 2005-2009 жылдары Пхеньянның билігінің рұқсатымен «Тэчжин», «Пукчан» аймағында сапасы жоғары «антрацит» көмірін қазып алды.

 Қазып алған көмірінің салмағы 920 000 тоннадай болады. Оны олар алып, оңтүстікте өздерінің зауытында пайдаланды деген мәліметтер бар. Алайда солтүстіктің билігінің 2009 жылдағы көп тонна мөлшерінде антрациттің экспорттауды тоқтуды бұйрығына сәйкес Оңтүстік Кореяның темір зауыты «Поско» антрацитке қайтып күрегін сала алмады. Бұған әрине, сол 2009 жылдарда оңтүстік билігінде отырған топтың саяси мәлімделері де әсер еткені рас. Жалпы алдағы уақытта осы антрацитті қайта өндіруді Оңтүстік компаниялары жоспарлап отыр. Егер екі Кореяның арасы жақсарып, Кэсон зауыты жолға қойылса, жол салынып, темір жол іске қосылса «Антрацит алыс елдерге де экспорталу мүмкін» деген болжам бар. Бұл көмір түрі Пхеньянның экономикасына біршама жақсы қаржылай инвестиция әкеледі деген болжамдар айтылуда.

Сонымен қатар Солтүстік Корея көмірін Қытай еліне сатып отыр. Оған кемемен жеткізеді дейді. Оны АҚШ пен Оңтүстік Корея тарапы көбіне спутник арқылы немесе басқа да жолдармен анықтауға тырысқан. Қытайға көмірден экспорттау арқылы Солтүстік Корея өзінің экономикасына қажетті қаражатты табады. Қазір Ким Чен Ын осы көмірді экспорттаду бақылауында ұстауда. Және Солтүстік Корея өз күшімен көмірден мұнай алуды қолға ала бастады. Бұған дейін ғалымдар мен қауіпсіздік саласының мамандары Солтүстік Кореяның көмірды экспорттауы мен оны көп өндіріп қазуы қазіргі ядролық қару бағдарламасымен байланысты деп алаңдаушылық білдіріп келді. Шынымен де оны түрлі жағдайға пайдаланды. Қытай көмірге зәру емес, алайда Пхеняьнның көмірінің сапасы да жаман емес болғандықтан Солтүстік Кореяға қолдауды осылай білдіріп келген. Бұған қарсы АҚШ пен БҰҰ көмірді экспорттауына шектеу қойып, қарар қабылдайды. Міне, осылай Солтүстік Кореяның экспортына да шектеу қойылған талай құжаттар қабылданып, біраз халықаралық деңгейде көмірге қатысты саяси тартыс болды. Сонда да Пхеньян алған бетінен таяр емес. Жыл басында Ким Чен Ын жаңа жылдық құттықтау сөзінде көмір өндіруді әлі де күшейтетінін айтып өтті. Солтүстік Кореяның көміріне тыйым жәйдан-жәй салынбайды. Әлемдік қауымдастықтың негізгі мақсаты – Пхеньянды жан-жақтан қысып, дінкелетіп, режимін құлату болып табылады.

Дастан Ақаш

 

 

 
   
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com