[공지] Солтүстік Кореяның ұялы телефоны
  
 작성자 : admin
작성일 : 2019-08-08     조회 : 192  


 

Солтүстік Кореяның ұялы телефоны

Солтүстік Корея өзінің ұялы телефонын шығарған ел. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын жұмысқа қосылып, істеп келеді. Бір қызығы Солтүстік Кореяда шығарылған ұялы телефонның айырмашылығы мынада. Ең басты айырмашылығы ол елде тұрып шетелге қоңырау шала алмайсыз. Бірақ барлық керекті функцияларымен жабдықталған. Ал енді корейдің бұл ұялы телефоны қалай аталады? «Арираң» деп аталады. Бұл корей елінің әйгілі ұлттық әні. Корейлердің баласынан қариясына дейін біледі. Осы ұлттық әннің атауын алған ұялы телефон кең қолданысқа еніп кетті. Бірақ билік басындағылардың кейбірі басқа елдердің телефонын қолданады. Мысалы Америка компанияларының өнімдері және қытайдың телефондарын қоданады.

Оңтүстік Кореяның телефонын қолдану Солтүстік Кореяда қылмыс жасаумен тең. Ондай жағдайлар бұрын-соңды болған. Қазіргі таңда бұл елде ұялы телефонды ұстаушылардың бейресми саны 3-4 миллион дейді. Одан басқа Солтүстік Корея елдегі адам құқытары туралы мәселені сыртқы шығармау үшін ұялы телефонға бақылау қойған.

Дастан Ақаш

 


 
 
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com