[공지] Екі елдің тарихи кездесуі мен келісімі
  
 작성자 : admin
작성일 : 2019-08-07     조회 : 470  


Екі келдің тарихи кездесуі мен келісімі 

          Жалпы 2018 жылы 27 сәуірде болған кездесуді Корей тарапындағы ғалымдар мен саясаткерлер, халықарлық деңгейдегі мамандар түрлі баға берді. Көпшілігі жақсы қадам деп қарастырғанымен де, екі түрлі пікір туып отыр. Оның біріншісі Панмунчжом декларациясы, екінішсі Ким Чжон Ынның сөзі. Панмунчжом декларациясында атом қарусыз келіссөз жүргізу, атом қаруын жою туралы нақты ештеңе айтылмаған деген пікірлер басым. Оның асығыс дайындалғанын шетелдік және корейлік ғалымдар ашып айтуда. Ғалымдар жағы мен саясаткерлер қатты сынға алды. Әрі оның мазмұны тым қысқа, нақты мәселені көтермеді деген уәждердің бекер еместігін байқаймыз. Декларцияда «атомдық қарусыздану» деген нақты сөз жоқ. Тек Пхунгере сынақ орнын жою туралы және тағы басқа қадамдардың жасалатындығы ғана жазылған. Ондай сөздер атомнан бас тартамын дегенді білдірмейді деп бір кезде ғалымдар мен саясаткерлер айтқан еді. Пхеньянның мақсаты осыдан-ақ байқалды.

          Ал енді Ким Чен Ынның аузынан осы келіссөз күні бірде-бір рет «атомдық қарусыздану» деген сөздің шықпағаны нені аңғартады? Кейбір орыс пен батыс басылымдары Екі Кореяны қарусыз келіссөздерге қол жеткізді деп асығыс жариялады. Ким Чен Ынның аузын баққан сарапшылар көп нәрсе аңғарды. Бірінші, әлі де Америкамен нақты келісімге келіп алу керек. Одан кейін барып бас тартамыз. Әрі қағазда жазылған сөздер басшының айтқан сөзімен бекіген жоқ. Яғни, заңды күші жоқ деген сөз еді. Сол кезден-ақ Ким Чен Ынның сол бір әрекеті екі Корей келіссөзінің әлі де ұзаққа созылатындығын көрсеттті. Міне, әлі корей мәселесі сағыздай созылып келеді. Солтүстік Корея атом қаруынан бірден бас тарта қоймайды. Өйткені Солтүстік Корея Америкаға сене бермейді. Ол Американың «нақты уәдесінде тұруын» қалайды. Егер Америка тарапа өзара келіскен уәделерді орындамаса, онда Солтүстіктің қадамдарының бәрі бекершілік болып табылады. Сондықтан Солтүстік Корея мен Америка әлі де біраз уақыт келіссөздерді жүргізеді. Панмуджомда басталған келіссөз – Солтүстік Кореяның қандай бағытты ұстанып отырғанын айтпай-ақ білдірді.

          Панмуджомдағы кездесуден кейін Пхеньян өзінің позициясын айқын аңғартты. Ол «Американың құр уәдесіне» өзіндегі атом бомбасына айырбастамайтынын ыммен де, әрекетпен де жеткізді.

          Дегенмен, екі елдің тарихи кездесуі мен келісімі тарих бетінде қалып, екі елдің жақындасуына, дипломатиялық жұмыстардың жүзеге асуына себеп болды. Корей түбегінде корей мәселесі екі елдің жұмыла кірісуімен ғана бітетіні айқын. 


Дастан Ақаш

 

 
 
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com