Күз айы
Бұл
елдің күз айлары ерекше. Күз айларында тал жапырақтары сарғайып түседі. Тіпті
бұл елде жапырақтары қып-қызыл болып түсетін талдарды көп кездестіруге болады.
Ғажайып көрініс. Бірде осындай керемет көрністі көріп, суретке түсіре аласыз.
Шын
мәнінде корей елінің күзі туралы әңгімелер көп айтуға болады. Мысалы бұл елде күз айларында адамдардың екі
түрі болады екен. Күзге қарап содан әсер алатын адамдар. Олар туралы «Каырыль
танда» деп айтады. Яғни, күз мезгіліне еліккен адам. Ондай адамдар шабыттанып
ән айтып, өлең жазып, ішімдік ішіп, әңгіме-дүкен құрады. Кейде ондай адамдар
таңертең ерте тұрып, аула алдында тұрып, темекісін шертіп, ойланып тұрады.
Сондай адамдарды корейлер көрсе «каырыль танда» деп айтады. Мұндай сөз тіркесі
корей елінің табиғатқа қалай қарайтындығын байқатады.