[공지] Қадірлі достар!
  
 작성자 : admin
작성일 : 2020-12-27     조회 : 24  


Қадірлі достар!

Сіздерді «qazkorea.com» сайтының ашылауымен шын жүректен құттықтаймын! 

          Аталмыш сайт елімізде қазақ тілінде «Корей түбегі» туралы алғаш рет ашылып отырған ақпараттық, сараптамалық және танымдық сайт. Бұл жоба Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея және Солтүстік Корея Республикасының дипломатиялық достық қарым-қатынасына 27 жыл толуына орай іске қосылды. Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз қос Кореямен байланысын дамытып отырған ел. Бірімен стратегиялық серіктестік деңгейіне жетсе, екіншісімен де әлі дипломатиялық қарым-қатынасын үзбей жалғастырып келе жатқан ерекше ел. 
       Жалпы, қазақ пен корей мәдениеті және тілі ұқсас елдер. Сондықтан екі елдің саналы оқырмандарын қызықтыратын дүниелер көп. Қоғам,тарих, мәдениет, өнер және тіл саласы қазақ және корей оқырмандарының сүйікті тақырыптары. Сайттың негізгі мақсаты корей тілі мен мәдениеті, өмірі және тарихымен жақын таныстыру. Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның экономика және дипломатиялық қарым-қатынастары, мәдени байланыстары және ынтымақтастықтары туралы жеткізу. 

   Құрметті достар, сайтты тамашалап, оқып, қолданатын Сіздерге үлкен жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін! 


 

 
 
Copyright 2019 qazkorea.com All right reserved.
All materials on this website are subject to copyright (including design and photos). It is forbidden to steal thoughts, ideas, texts, sentences, and to engage in plagiarism.
Any use of this website’s material is allowed only if it is credited by adding a specific link to qazkorea.com